жексенбі, 30 наурыз, 2025 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ Қытайдан коронавирусты таратқаны үшін 24 млрд доллар талап етіп отыр

АҚШ Қытайдан коронавирусты таратқаны үшін 24 млрд доллар талап етіп отыр
ашық дереккөз
Миссури штатындағы федералды сот Қытай үкіметін коронавирус туралы мәліметтерді жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, биліктен 24 миллиард доллар өндіріп алу туралы шешім шығарды.

The New York Times басылымының хабарлауынша, штат билігі бұл соманы өтеу үшін Қытайдың активтерін тәркілеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Коммунистік партияға қарсы сот талабын 2020 жылы Миссуридің бұрынғы бас прокуроры Эрик Шмитт берген. Ол құжатта пандемияның алғашқы айларында Пекин вирустың бар екені мен оның таралуын жасырды, басқа елдерде маңызды медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын өндіруге, сатып алуға және экспорттауға кедергі келтірді деп көрсетілген.

Сот шешімінде Қытай әлемді пандемияның қауіптілігі мен ауқымы туралы жаңылыстырды және жеке қорғаныс құралдарын өндіруде монополияға ие болуға тырысты делінген. Нәтижесінде, АҚШ дер кезінде шара қабылдап, қажетті жабдықтарды жеткілікті мөлшерде сатып ала алмады. Covid-19 2020 және 2021 жылдары Миссуриде өлім-жітімнің үшінші басты себебі болды.

Вашингтондағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэньюй елдің бұл сот шешімін мойындамайтынын мәлімдеді.

"Бұл талаптың ешқандай құқықтық, фактілік немесе халықаралық негізі жоқ", – деді дипломат. Ол Қытайдың өз мүдделеріне зиян келсе, қарсы шаралар қабылдайтынын ескертті.

Ал Қаңтар айында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (CIA) жаңа басшылығы Covid-19-дың зертханалық шығу нұсқасын ықтимал деп мәлімдеді. Бірақ Қытай коронавирустың қолдан жасалғанын жоққа шығарып, бұл мәселені саясаттандырмауды және елдің беделін түсіруді тоқтатуды талап етіп келеді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар