жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тараздағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараға мекеме бастығының орынбасарлары мен мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №67 мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 428, 428-1 және 429-баптары,Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша мекемеде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде пайдалануға тыйым салынған заттарға сотталғандарды ұстау режимін бұзуы және қылмыстық әрекетке ықпал етуі мүмкін ұялы телефондар, электрондық құрылғылар және өзге де коммуникация құралдары жатады. Мұндай заттарды алып өтуге тырысқан жағдайда бұзушылар бұзушылықтың ауырлығына байланысты қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды қарап тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсілмен беруге тырысу ескерту жасауға немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған затты тәркілей отырып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан бұзылған жағдайда, айыппұл жиырма айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылуы немесе құқық бұзушылық нысанасы тәркіленіп, отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Түсіндірме жұмыстары барысында аталған баптар бойынша заң талаптары түсіндіріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер жазасын өтеушілерге көрсетілді.
Мұндай құқықтық ағарту іс-шаралары сотталған азаматтардың заң алдындағы жауапкершіліктерін тереңірек ұғынып, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Іс-шара соңында сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар