Тараздағы түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізбекші болған
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:59
- 36
Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі туысқандары мен жақындарына сәлемдеме әкелушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза жайлы жазбаша ескертпелер көрнекі жерде ілініп тұрады. Соған қарамастан, сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Соның бірі 2026 жылдың 21 қаңтарында сағат 17:30 шамасында жедел ақпарат бойынша №67 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдап алу бөлмесінің жауапты қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік өнімдерін қабылдау кезінде азамат Д-дан тыйым салынған заттарды тауып алған. Атап айтқанда 1 (бір)дана ұялы телефон табылды, Маркасы бірлігі: «SAMSUNG» (сенсорлық, жұмыс істейтін, IMEI коды 358953097407657), 1 (бір)дана құлаққап табылып тәркіленді. Нәтижесінде ұсталған Д есімді азаматқа Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, барлық құжаттар сотқа жіберілді. Аталған фактілер бойынша мекеме басшылығы күнделікті түрде жеке құрамға нұсқаулық жүргізіп және келуші азаматтарға құқтарын тұрақты түрде түсіндіреді, - делінген хабарламада.



