Таразда жедел әрекет ету жасақтары саптық байқаудан өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025
- 488
«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Тараз қаласының орталық алаңында жедел әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараның басты мақсаты – төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою үшін күштер мен құралдардың дайындығын тексеру болды.
Саптық байқау барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков тиісті қызмет басшыларынан жеке құрамның, техника мен жабдықтардың қазіргі жай-күйі туралы есептерді тыңдады.
Сонымен қатар, материалдық-техникалық ресурстардың, авариялық-құтқару жабдықтарының, байланыс құралдары мен көлік құралдарының бар-жоғы туралы мәліметтер ұсынылды. Бұл техника мен құралдар күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге арналған.
Сондай-ақ, іс-шара барысында түрлі жедел қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аида Балаева: мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






