АҚШ-та транс-әйелдердің әйелдер жарысына қатысуына тыйым салынды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 шілде, 2025
- 719
АҚШ-тың Олимпиада және Паралимпиада комитеті (USOPC) жүзу, жеңіл атлетика және өзге де спорт түрлерінің ұлттық федерацияларына ақпан айында Дональд Трамп қол қойған жарлықтың талаптарын орындау міндетін еске салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Комитет таратқан ресми хатта: «Біз жаңартқан саясаттың негізгі мақсаты – әйелдер үшін әділ әрі қауіпсіз жарыс жағдайын қамтамасыз ету», – делінген хабарламада.
Халықаралық Олимпиада комитеті әр спорт түрі бойынша федерацияларға Олимпиада ойындарында өз ережелерін бекітуге мүмкіндік беріп отыр. Қазірдің өзінде кейбір федерациялар осы бағытта нақты қадамдар жасай бастады.
Биологиялық жынысты ғана мойындау туралы жарлықты Трамп президенттік қызметіне кіріскен сәтте – 20 қаңтарда – бірінші кезекте қол қойған болатын. Бұл құжатта транс әйелдердің әйелдер арасындағы спорт жарыстарына қатысуына тыйым салынады. Сондай-ақ, транс әйелдерге рұқсат беретін мектептер мен университеттерді мемлекеттік қаржыландырудан айыру қарастырылған.
АҚШ-тың Ұлттық студенттік спорт қауымдастығы (NCAA) Трамптың осы жарлығына сәйкес транс әйелдердің цис әйелдермен (биологиялық әйелдермен) бірге жарысуына тыйым салды.
Таразда жедел әрекет ету жасақтары саптық байқаудан өтті
Ұқсас жаңалықтар
Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 қаңтар, 2026
Астрономдар галактиканың қақ ортасынан алып ғаламшар тапты
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қаңтар, 2026






