жұма, 22 қараша, 2024 22:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздың сары аймаққа өту қаупі бар

Тараздың сары аймаққа өту қаупі бар
ашық дереккөзі
Тараздың сары аймаққа өту қаупі бар
Қазіргі уақытта бүкіл әлем жұртын алаңдатып отырған коронавирусты жұқтыру көрсеткіші бойынша Тараз қаласының жасыл аймақтан сары аймаққа өту қаупі бар. Бұл туралы Тараз қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Рита Алтынбасова мен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев Өңірлік Коммуникация қызметінің баспасөз алаңында хабарлады. Өткен жылы Тараз қаласы бойынша 2260  жағдай тіркелсе, биылғы жылдың басталғанынан 18 қаңтарға дейінгі аралықта 240 COVID–19 оқиғасы тіркелген. Олардың 70%-да инфекция белгілері байқалса,  ал қалған 30%-да клиникалық белгілері жоқ. Және 2021 жыл басталғалы бері 3 адам коронавирустан қайтыс болған. Мамандардың дабыл қағуының себебі де осында. – Әрине, аурудың бұлайша көбеюі тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауынан, жасырын той, жиындар өткізудің салдарынан болып отырғаны түсінікті. Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен карантин режимин және санитариялық-талаптарды бұзу  бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бап 1 тармағы бойынша қоғамдық тамақтану, сауда, өзге де объектілердің жеке кәсіпкерлеріне 228 әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, жалпы сомасы 49 417 185 теңгеге  айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462 бап 3 бөлімі  бойынша 26 әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды,  5 материал бойынша сот шешімімен 1 389 000 теңге айыппұл салынды. Және жұмысын тоқтатуға 3 материал сотқа жонелді. Қазіргі уақытта қала аумағында карантин режимінің сақталуын бақылауға 11 мониторингтік топтар жұмыс жасауда. Жамбыл облысы аумағында инфекция жұқтырғандар саны көбейген жағдайда карантин талаптары күшейтілетін болады, -дейді қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев. Алмас Қадырбекұлының айтуынша, бүгінгі таңда КВИ диагнозымен 97 науқас ауруханада ем қабылдауда, оның 2-уі ауыр жағдайда, 2 науқас ИВЛ аппаратына қосылған. 16 адам емделіп шыққан. Тараз қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Рита Алтынбасова да жағдайдың қиындағанын жоққа шығармады. Тараз қаласында ПТР тест тапсыру бойынша бүгінгі күні 6 зертхана жұмыс атқарады. Егер тұрғындар өз денсаулығына алаңдап, өз бетінше тапсырса құны ақылы, жеке тұлғаларға 8025 теңге, заңды тұлғаларға 9000 теңге. Ал, ауруды жұқтырған азамат анықталып, онымен байланыста болғандарды ПТР тестінен өткізу тегін жүргізіледі екен.

Қамар Рахметуллина

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар