«Таза бейсенбі»: Аманаттықтар Тараз – Аса арасындағы жолды тазартты
- авторМағжан Орынбасар
- 10 сәуір, 2025
- 216

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтуде. Бұл жолы эко-белсенділер Тараз-Аса аралығындағы күре жолдың бойын тазартты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Аталған бастама аясында өткен аптада Қызыл Жұлдыз және Қостөбе ауылдарының аралығындағы жол бойы күл-қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ол шарада облыстық және Байзақ аудандық филиалының қызметкелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан еді. «Таза бейсенбі» акциясы мұнымен тоқтап қалмайды. Керісінше, эстафета болып, облыс көлемінде жалғасады,- деді «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбек.
Осылайша, Байзақ аудандық филиалы челленджді Жамбыл ауданына жолдаған.
Енді бүгін Жамбыл ауданының жастары бұл бастамаға қолдау білдіріп, «Ас-Ер» мал базары мен Қостөбе ауылы аралығындағы облыстық мәндегі 5 шақырым күре жолда тазартты. Осылайша, 100-ге жуық аманаттық жол бойын тазартып қана қоймай, қураған тал-дарақтарды ретке келтірді.
Экологиялық шараға белсенді атсалысқан аудан жастары тазалық эстафетасын Жуалы ауданына жолдады.