бейсенбі, 10 сәуір, 2025 15:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Терезеден кірген»: Тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлаған азамат ұсталды

«Терезеден кірген»: Тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлаған азамат ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Ол бұдан басқа әшекей бұйым секілді құнды заттарды қолды қылған

Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Меркі ауданында полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.  Ер адам тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды қолды қылған.

Сондай-ақ басқа үйдің қоймасынан азық-түлік, соның ішінде қонаққа дайындалған қазы, тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды алып кеткен.  

- Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды.  Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің Тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар