«Құқықтық тәртіп айлығы» аясында шығармашылық акция өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қараша, 2025
- 337
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Құқықтық тәртіп айлығы» режимдік-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес сотталғандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында шығармашылық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Акция «Қандай ғажап бұл әлем», «Менің болашағым», «Бостандықтан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің мақсаттарым» және басқа да тақырыптар аясында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұлғаның маңыздылығын түсіну, өмірлік құндылықтарды қайта қарау, өз-өзіне және қоғамдағы рөліне деген оң көзқарас қалыптастыру, еркін өмірге бейімделу дағдыларын дамыту болды.
Өздерінің шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген сотталғандарды мекеме бастығы, әділет полковнигі Руслан Уразметов грамотамен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026
Жамбылда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026






