жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

22:00-ден кейін мәдени және ойын-сауық орындарының жұмыс жасауына тыйым салынды

22:00-ден кейін мәдени және ойын-сауық орындарының жұмыс жасауына тыйым салынды
istockphoto.com
Бішкек қаласында тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Тыныштық туралы» заңның орындалуына бақылау күшейтілді.

Бішкек қалалық әкімдігі  Қырғыз Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңының 44 және 48-баптарына сәйкес арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құжатқа сәйкес, енді қоғамдық тамақтану орындары мен мәдени-сауық нысандары (кафелер, мейрамханалар, барлар, клубтар, банкет залдары және т.б.) өз жұмысын сағат 22:00-де аяқтауы тиіс. Сондай-ақ осы уақыттан кейін барлық электр құралдарын, әсіресе энергияны көп тұтынатын пеш, электр плитасы мен жылытқыштарды толық өшіру міндеттеледі.

Әкімдік тұрғындардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге, соның ішінде қатты музыка қою, жарық шоулар ұйымдастыру және өзге де даңғаза іс-шараларға қатаң тыйым салды.

Дегенмен, тұрғын үйлерден алыс орналасқан нысандар заң талаптарын толық сақтаған жағдайда электр генераторларын пайдалана алады.

Бұл талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімдіктер мен муниципалдық инспекцияларға тұрақты тексерістер мен рейдтік іс-шаралар жүргізу тапсырылды.

Жаңа шаралар қаладағы тыныштық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар