Жамбыл жаңалықтар
«Жұлдызай» фестивалінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 621
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ХХ-шы «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің жүлдегерлерін қабылдады
Фестивальдің Гран-при жеңімпазы, Байзақ ауданы Абай орта мектебінің 6-сынып оқушысы Інжу Тілеужан мен аталған байқаудың үшінші орын иегері, Тараз қаласындағы М. Жұмабаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ерасыл Ермекбай арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ, Інжудің анасы Гүлназ Жұмасаева мен жетекшісі Роза Саржанова, Ерасылдың анасы Гүлнұр Құлтуреева мен жетекшісі Қарлығаш Төреқұлова облыс әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Серік Жақсылықұлы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олардың шығармашылық табыстары – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын мақтаныш екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






