Жамбыл жаңалықтар
Жаңа Конституция: Облыс әкімі зиялы қауыммен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:48
- 36
Жиында жаңа Ата Заң жобасына қатысты ой- пікірлер айтылды
Бүгін облыс әкімдігінде Ербол Қарашөкеев зиялы қауыммен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында аймақ басшысы жаңа Ата Заңның ерекшеліктері мен маңызына мән беріп өтті.
Өз кезегінде Елен Әлімжан, Баймаханбет Ахмет, Көсәмәлі Сәттібайұлы, Үміт Битенова сынды ақын-жазушылар аталған реформаларға қатысты ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар басқосуда жаңа Конституциялық жобаның азаматтық қоғам институттарына негізделгені, мұндай тәжірибе әлем елдерінде кеңінен қолданылатындығы түсіндірілді.
Айта кетейік, комиссия жұмысы барысында Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізуді көздейтін жаңа жоба әзірленген. Бұл жалпы мәтіннің 84 пайызын қамтиды.





