жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Жамбыл ақпарат медия орталығы
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков жаңа орынбасарды таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Жамбыл ауданында әкімнің ауыл шаруашылығы жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымға Мұқашев Нұржан Нұрланұлы бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұржан Нұрланұлы 1988 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Айша бибі селолық округі әкімінің аппаратында бастаған. Кейінгі жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2021 жылдан бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жиынға қатысушылар жаңа орынбасарға табыс тілеп, оның білімі мен тәжірибесі Жамбыл ауданының аграрлық саласын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар