жұма, 26 желтоқсан, 2025 20:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында 200 балаға арналған заманауи бөбекжай ашылды

Жамбыл ауданында 200 балаға арналған заманауи бөбекжай ашылды
Ашық дереккөз
Жаңа бөбекжай-бақша ғимараты толықтай қазіргі стандарттарға сай жабдықталған

Жамбыл ауданына қарасты Шәкен Ниязбеков ауылында 200 орындық «Айбике KZ» бөбекжай-бақшасының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Заманауи талаптарға сай бой көтерген балабақша жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге бағытталған.

Жаңа бөбекжай-бақша ғимараты толықтай қазіргі стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда 8 оқу-тәрбие кабинеті, мәжіліс залы және медициналық кабинеттер қарастырылған. Балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына барлық қажетті жағдай жасалған.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар шараға аудан ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Айта кету керек, «Айбике KZ» бөбекжай-бақшасы жекеменшік серіктестік аясында ашылып, ауылдағы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және балаларды балабақшамен қамту деңгейін көтеруге өз үлесін қоспақ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар