Әлемде
Қытайда әлемдегі ең ұзын автожол туннелі іске қосылды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
- 231
Туннельдің жалпы ұзындығы 22,13 шақырымды құрайды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өңірінде Тянь-Шань тауларын тіліп өтетін Тянь-Шэнли автожол туннелі ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл нысан Үрімші – Юйли бағытындағы жоғары жылдамдықты автомагистральдің маңызды бөлігі саналады.
Туннельдің жалпы ұзындығы 22,13 шақырым. Осы көрсеткіші арқылы ол жылдамдығы жоғары автожолдарға арналған әлемдегі ең ұзын туннель атанып отыр. Бұдан бөлек, құрылыс барысында қазылған шахтаның тереңдігі жағынан да халықаралық рекорд тіркелген.
Жаңа инфрақұрылымның іске қосылуы таулы өңір арқылы өтетін жолды едәуір жеңілдетіп, бұрын бірнеше сағатты алатын сапар уақытын небәрі 20 минутқа дейін қысқартты.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
АҚШ-тың Кубаны айыптауға моральдық құқығы жоқ - Куба президенті
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қаңтар, 2026






