Жамбыл ауданының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі 12 адамның құқығын қорғаған
- авторjambylinfo.kz
- 29 сәуір, 2024
- 881

Жамбыл ауданы прокуратурасы «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, талдау барысында бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеумен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық қамтымағаны, сол арқылы 12 тұлғаны көзделген әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.
«Бұл ретте жеке бағдарламаға сәйкес оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндет жергілікті атқарушы органға жүктелген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар толық көлемде әлеуметтік көмекті алды, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен көзделеген жауаркершілікке тартылды», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025
Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025