Жуалы ауданында Шерхан Мұртаза музейінің аумағы абаттандырылды
- авторjambylinfo.kz
- 29 сәуір, 2024
- 1.1k

Шерхан Мұртаза көрнекті тұлға болып қалыптасқан кезінде де өзінің туған топырағынан қол үзген жоқ. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылынан арнайы үй салынып берген болатын. Талапты – жазушының туған ауылы. Екі қабатты, еңселі ғимарат қазіргі күні музейге айналған.
Акция аясында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, әктеу, сырлау жұмыстары мен қатар, қураған ағаштар кесілді.
«Шерағаның шаңырағы – қазақ руханиятының құтты ордасы. Соны түсініп, бағалай білетін жастарға, аудан ақсақалдары мен басшылығына алғысым шексіз. Шерағаның шаңырағын ешқашан назардан тыс қалған емес»,- деді жазушының немере інісі Әлижан Мұртаза.
Қазақ әдебиетінің қызыл жебесі Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағына жүргізілген сенбілік жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аналар алқаларының мүшелері, жастар және белсенділер жұмылдырылды.
Жалпы, Жуалы ауданында тазалық акциясына 5000-нан аса адам қатысып, «Жасыл аймақ» апталығында 3000-ға жуық ағаш көшеттері егілді. Полигондарға 53 тонна қоқыс шығарылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз