жексенбі, 26 мамыр, 2024 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында «Таза Қазақстан» акциясының аясында жаңа саябақ ашылды

Сарысу ауданында «Таза Қазақстан» акциясының аясында жаңа саябақ ашылды
Сурет: Сарысу ауданының әкімдігі
Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жан-жақты өтіп жатыр

Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сарысу ауданы Жаңатас қаласының кіреберісінде «Таза Қазақстан» саябағы ашылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Сарысу аудандық Ішкі саясат басқармасының ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Саябақтың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйым өкілдері,  мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ауданның жастары қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Сәкен Мамытов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасып жатқанын, осы экологиялық науқанның аясында ауданда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Туған жерді көркейту- көгалдандыру баршамызға ортақ іс әрі келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам. Болашақта жаңа саябақ тұрғындар саялайтын, жастар серуендейтін көрікті орынға айналсын, - деді аудан әкімі.

Бұдан кейін Сарысу аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз алып, елдің ауызбіршілігі, ықыласы осындай ынтымақты, жарасымды тірлікке бастайтындығын айтып, жылы лебізін білдірді.

Жаңа саябақтың лентасын аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Басие Абдрахманов және Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев салтанатты жағдайда кесті.

Саябақтың ашылуына келген азаматтар жаңа саябаққа тал екті. Айта кетейік, бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығының бірінші күнінде жаңа саябаққа Жамбыл облысының 85 жылдығына орай 85 шырша, Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай 55  тал егілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар