....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 5:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі - баспасөз хатшысы болып Ахметов Жанғазы Сембайұлы тағайындалды. Ахметов Жанғазы Сембайұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақата ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін “Журналистика” мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде аға тілші, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші қызметін атқарған. Бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметіндегі бас инспекторы лауазымында еңбек етіп келді. Облыстық, республикалық мүшайралардың жүлдегері. «Мен сондаймын» атты жеке жыр жинағының авторы. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баланың әкесі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар