Жаңалықтар
Кеншілер арнаулы төлем алу үшін не істеуі керек? Вице-министр түсіндірді
- авторjambylinfo.kz
- 14 желтоқсан, 2023
- 253
Кеншілер арнаулы төлем алу үшін не істеуі керек? Вице-министр түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін, 55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді алу үшін не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды.
Назгүл Сағындықова 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы төлем тағайындалатынын мәлімдеді.
"Келесі жылдан бастап зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін 55 жасқа толған қазақстандықтарға арнаулы төлем тағайындалады. Төлем 4 көзден қарастырылған: республикалық бюджеттен 2 ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде, жұмыс берушіден 1 ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде, сондай-ақ, өмірді сақтандыру компаниясынан және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан", - деді ол Сенат куларында.
Оның айтуынша, жаңа төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады.
"Арнаулы төлем - орташа есеппен 208 мың теңге. Республикалық бюджет туралы заң бекітілді. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 мың теңге деп жазылған. 2 ең төменгі күн көріс 86 мың теңге болады. Жұмыс беруші 43 мың теңге, ал өмірді сақтандыру компаниясы тағы 43 мың теңге төлейді. Сондай-ақ, БЖЗҚ орташа есеппен 35 мың теңге аударады. Осыдан кейін барлық ақша бір орынға жинақталып, бір уақытта (55 жасқа толған кеншілерге - еск.) аударылады. Біздің болжамымыз бойынша арнаулы төлемді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 37 мың адам алуы мүмкін", - деді вице-министр.
Назгүл Сағындықова арнаулы төлемді алу үшін не істеу керегін айтты.
"Бұл жәрдемақыны алу үшін жұмысшылар жұмыс орнындағы кадрлар бөліміне барып, тиісті өтінішті жазуға тиіс. Онда ол зиян еңбек жағдайында жұмыс істеуін тоқтататынын көрсетеді. Осыдан кейін ол кез келген жұмысқа ауыса алады. Бұл өтініш бізге автоматты түрде беріледі. Біздің жүйеміз (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - еск.) оған төлемді тағайындайды", - деді министрдің орынбасары.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96878/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024