Жамбыл облысы Үлгілі ауылының әкімі жұмысын балабақша мен мектепті аралаудан бастайды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 мамыр, 2024
- 613
Байзақ ауданы Үлгілі ауылының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде есеп беріп, әр таң сайын ең бірінші істейтін жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мейіржан Досмұратов таң атысымен ауылдағы ағарту ошағына аттанады. Оқушылардың аман-сау екендігіне көз жеткізген соң аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың бұйрығы бойынша балалардың бақытты жүзін көру үшін балабақшаға бас сұғады. Медиа алаңда мұны Мейіржанның өзі мәлімдеді. Өйткені, өрендердің өміріне қандай да бір қатер төнуіне жол бермеу керек дейді ол.
«Күнде таңертең балабақшаға барамын. Аудан әкімі бізге осыны тапсырған. Тапсырманы орындай отырып, жұмысқа барамыз",- деді Мейіржан Досмұратов.
Үлгілі ауылының халық сайлаған үлгілі әкімі сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын іске асырып, ел алғысын алып отыр. Бұқараның басты мәселесі болған көше жарығы мен интернет мәселесі оңтайлы шешілген. Баяндаманы қысқа қайырған Мейіржан Досмұратов ауылда атқарылған шаруаларды тізді.
«Жарық орнату жұмыстарына 17 млн. 135 мың теңге жұмсалды. Атап айтқанда, Үлгілі ауылының Жақыпбай және Қ.Исмайлов көшелерінің электр желілері, бағаналары ауыстырылып, массив Үлгілінің екі бұрылысы электр жарығымен қамтамасыз етіліп, көше жарығы орнатылды. Жаңадан екі трансформатор қойылды. 5 млн.768 мың теңгеге Үлгілі ауылының кіре берісіне демалыс аллеясының құрылысы жүргізілді»,-деді Үлгілі ауылының әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024