жұма, 20 қыркүйек, 2024 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқу-ағарту министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Оқу-ағарту министрі оқушыларды  оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Сурет: Оқу-ағарту минстрлігі
Биыл оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтаса, оның 186 мыңнан астамы мектеп бітіруші түлектер.

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.

 «Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!», - деді ол өз құттықтауында.

Министр сондай-ақ су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған қазақстандық педагогтерге алғысын білдірді.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар