бейсенбі, 22 мамыр, 2025 1:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы: Үш жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы: Үш жеткіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Видеодан кадр
Оқиға орнына келген мамандар саман кірпішпен жасалған пеш мұржасы мен желдету жолдарын тексеруге есепке тұрмағанын анықтады.

Жамбыл облысында жалдамалы пәтерде газдан уланып көз жұмған үш жетіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Енді қауіпсіздік шараларын ескермеген пәтер қожайыны да жауапқа тартылуы мүмкін. Өйткені жалға берілген үйдің газ жабдығына қызмет көрсету келісімшарты болмаған.

Қайғылы оқиға Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылында болған. Ойын балаларының қимылсыз денесін анасы кешке жұмыстан келгенде бір-ақ көрген. Анасы жұмысқа кетерде  үш, бес және жеті жастағы қызын сыртынан құлыптап кеткен көрінеді.

Ол аудан орталығындағы сауда орынында қызмет еткен. Балалардың әкесімен заңды некеде болмаған. Көршілері жас ананың қаңтар айынан бастап 45 мың теңгеге осы үйді жалдап тұрғанын айтады. 

2025 жылдың 19 сәуірде ауруханаға үш жасөспірімнің газдан уланып түскені анықталды. Өкінішке қарай, дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенмен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, зардап шеккен отбасыға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір оқиғаның мән жайын анықтап жатыр, - дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар