«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап фестивалі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 сәуір, 2025
- 201

Таразда «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап фестивалі өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймақтық «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Қайрат Рысқұлбеков саябағында өткен мәдени шараны Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханасы ұйымдастырған.
Жастарды кітап оқуға баулу, кітаптың қоғамдағы ролін арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен шара барысында түрлі жанрдағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптарды топтастырған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ кітапқа арналған әсерлі өлеңдер оқылып, көркемдік қойылым көрсетілді.
Шарада облыстық мәслихат депутаты, “Ауыл”партиясы Жамбыл облыстық өңірлік филиал төрағасы Алтай Райқұлов кітап адам жанын кемелдендіретінін атап өтіп, партия атынан Мойынқұм аудандық кітапханасына 60-қа жуық кітап тарту етті.
Шара соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.