Жамбыл облысында бюджет қаражатын жымқырған медицина қызметкерлері сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 сәуір, 2025
- 156

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Агенттіктің мәліметіне сәйкес, олар «Қайрат Құрылыс-ҚК» ЖШС-не аффилирленген кәсіпорынға жалған құжаттар арқылы заңсыз аударымдар жасау арқылы 758 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.
Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады», - делінген хабарламада.