Жамбыл облысына 85 жыл: Жас ақындар мүшәйрасында Аят Бәтей бас жүлдені алды
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2024
- 113
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Жамбылдың жастары жырлайды!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның мақсаты Жамбыл облысының тарихы мен даму белестерін, әлемдік өркениет биіктеріндегі жетістіктерін жастар арасында кеңінен насихаттауға жастардың әдебиет өнеріне деген біліктілігі мен шеберлігін сараптауға бағытталған.
II кезеңге созылған байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай патриоттық бағыттағы 1 өлеңін оқыды. Ал, екінші кезеңде ақындар еркін тақырыпта жазған туындысын мәнерлеп айтты.
Жас ақындарға Хамит Есаман, Данияр Әлімқұл, Арайлы Жақсылық және облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Қадралиев әділ бағасын беріп, шын мықтыны анықтады.
Осылайша бас жүлдені Жамбыл ауданының тумасы Аят Бәтей еншіледі.
Жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құрады. Оның ішінде бас жүлдеге 200 мың теңге, бірінші орынға 150 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге, үшінші орынға 50 мың теңге қарастырылған.