бейсенбі, 5 желтоқсан, 2024 0:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Доллар шарықтап барады": Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр

"Доллар шарықтап барады": Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында  Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24 kz -ке сілтеме жасап. 

Нұрлан Байбазаров теңгенің құлдырауына әлемде орын алып жатқан бірнеше фактор себеп болғанын атап өтті. 

▪️соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі;

▪️мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі;

▪️Ресей рублінің әлсіреуі. 

Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін ескере отырып, рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін.

Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу, олардың әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар, — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар