жексенбі, 24 қараша, 2024 4:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысына Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді
Жамбыл облысына COVID-19-ға қарсы «Vero Cell» вакцинасының 20 мың дозасы жеткізіліп, барлық қалалық және аудандық емханаларға таратылды. Ол SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалған «Sinopharm компаниясының «Vero Cell» вакцинасы инактивті. Арнайы термоконтейнерлерде +2, +8 С режимінде сақталатын вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ. 18 жастан асқан ересектерге арналған сұйықтық 21-28 күн аралықпен екі дозаны құрайды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. Айта кетейік, Vero Cell препаратының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын (әрқайсысы 0,5 миллилитр) 3–4 апта аралығымен (21–28 күн) енгізу ұсынылады. Аралық нәтижелер COVID-19-ға қарсы 79,3% тиімділікті және орташа және ауыр жағдайлардың алдын алуда 100% тиімділікті көрсетеді. «Vero Cell» ДДҰ-мен мақұлданған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар