бейсенбі, 5 ақпан, 2026 20:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын сотталды

Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын сотталды
Фото: Polisia.kz
Меркі аудандық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өткен жылдың маусым айында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы қызметкерлері аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатты.

Меркі ауданына қарасты Қарасу елді мекеніндегі күзетілмейтін теміржол өткелінің маңында көлік полицейлері Жамбыл облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 95 келіден астам кептірілмеген марихуана тәркіленді.

Тергеу барысында ер адамның жабайы түрде өсетін құрамында есірткі бар өсімдікті әдейі жинап, кейін өткізу мақсатында дайындағаны анықталды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Көліктегі полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін және жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар