жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында бұрын қуаң жатқан алқаптарға су жетіп, диқандар өнім жинай бастады

Жамбыл облысында бұрын қуаң жатқан алқаптарға су жетіп, диқандар өнім жинай бастады
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының «Құлан» өндірістік бөлімшесінің мамандары Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы суару каналында механикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осы шаралардың нәтижесінде бұған дейін су бармаған егістік алқаптарына су жеткізуге мүмкіндік туды. 

Бүгінде ауданда 2000 гектардан астам егістік суарылып, жергілікті диқандар шыққан өнімге көңілдері толып отыр. Олар атқарылған жұмыстар үшін «Қазсушар» мамандарына ризашылығын білдіріп жатыр.

«Биыл бұл жерлерге алғаш рет жүгері ектік. Бұрын мұнда ештеңе егілмейтін. Қазір жүгері жақсы өсіп тұр, су уақытылы жеткізіліп жатыр. Болашақта егіс көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Министрлікке, «Қазсушарға» және «Құлан» бөлімшесіне алғыс айтамын», – деді жергілікті шаруа қожалығының иесі Талғат Құдайбергенов. 

Сонымен қатар «Қазсушардың» Жамбыл филиалы жергілікті атқарушы органдармен және диқандармен бірлесіп, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту және шаруашылықаралық каналдарды тазалау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар