Жаңалықтар
Президент Қырғызстандағы «Ата бейіт» кешеніне зиярат етті
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 тамыз, 2025
- 561
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды. Мемлекет басшысы «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл тарихи-мемориалдық кешенде Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Екінші жыл қатарынан рекорд: Қазақстанда 27,1 млн тоннадан астам астық жиналды
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






