дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында бес алаяқ 130 адамды 246 млн теңгеге алдап соққан

Жамбыл облысында бес алаяқ 130 адамды 246 млн теңгеге алдап соққан
Коллаж: Ернар Балғабай
Залал мөлшері 246 миллион теңгеге жеткен

Тараз қаласы №2 соты алаяқтық жасап. 130 адамды құрығына түсірген бес азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Тараз сотына сілтеме жасай отырып.

«Сотталған Т. өзінің қылмыстық сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірге алдын ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімдеріне кіріп, олардың аттарына online тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Олар жалпы саны 130 адамды алдап,  жалпы 246 млн. тенгеден астам сомада материалдық залал келтірген», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот алаяқтардың біреуін сегіз жылға, үшеуін бес жылға және бір әйел адамды екі жылға бас бостандығынан айырды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар