Жамбыл облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 29 сәуір, 2024
- 1.0k
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Апталық аясында 29 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов «Ассамблея бөбектері» ұранын ұстана отырып №18 балабақша тәрбиеленушілерімен бірге бейбітшілік пен келісімнің басты символы – Бәйтерек ағашының көшеттерін отырғызады.
Сонымен қатар, бүгін облыстық аналар кеңесі аулаларды тазартып, абаттандырып жатыр. Сондай-ақ, аналар кеңесінің өкілдері белсенді ұзақ өмір сүру орталығының аумағына гүл егеді. Ал, Қордай ауданында жас бағбандарға арналған шеберлік сабағы, Жуалы ауданында халық жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағын жинау және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Игілікті шара соңында өңір жастарының «Өнегелі ұрпақ» атты флешмобы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында Жамбыл облысында 60 тарихи-мәдени ескерткіштің, 143 саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Акция барысында Сарысу ауданында қола дәуіріне тиесілі - петроглиф табылды, оның тарихы 3,5 мың жылды құрайды. Сондай-ақ «Жасыл аймақ» апталығы аясында 12 350 ағаш көшеті отырғызылды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері оған 27 мыңнан астам жамбылдық қатысып, мыңнан аса аула тазартылды. Оның ішінде 5 222 кәсіпорын мен әлеуметтік нысанның аумағы абаттандырылып, арнайы полигонға 4 280 тонна қоқыс шығарылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда әуесқой футболшылар марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024