жұма, 22 қараша, 2024 1:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында «бомба» қойған адам ұсталды

Жамбыл облысында «бомба» қойған адам ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы наркологиялық диспансерге «бомба» туралы хабарлаған адам жеткізілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 8 сәуірде сағат 16:00 шамасында Меркі аудандық полиция бөліміне жарылғыш құрылғы туралы хабар түскен. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде осы ауданның 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні пайдаланып, қоңырау шалғанын мойындады. Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған болып шықты. Есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған.

Былтыр ол наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде емделген екен. Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодексте осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса 5 жылға дейін соттау немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар