сейсенбі, 30 сәуір, 2024 18:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Криштиану Роналду қарсыласы мен төрешіге қол көтерді

Криштиану Роналду қарсыласы мен төрешіге қол көтерді
фото: diariopanorama.com
Португалиялық даңқты футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарып, алаңнан қуылды. Бас төреші оған бірден қызыл қағаз көрсетті, -деп хабарлайды jambylinfo.kz. halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» футбол клубтары кездесті. Нәтижесінде Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Ойынның 86-минутында Роналду қарсыласымен алаңнын сыртына шығып кеткен допқа таласып, оны шынтағымен ұрып жіберді. Ойынның бас төрешісі Әл-Хоаиш португалиялықтың осы әрекеті үшін бірден қызыл қағаз көрсетті. Ал Криштиану ашуға булығып, оған да жұдырық ала жүгірді.

Айта кетсек, 11 сәуірде Сауд Арабия Суперкубогының финалында «Әл-Иттихад» пен «Әл-Хиляль» футбол клубтары күш сынасады. Бұл ойын Абу-Дабидегі «Мұхаммед бин Зайед» алаңында өтеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар