сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 12:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Марқұм Нүкенованың әке-шешесі соттан кейін ауруханаға түскен

Марқұм Нүкенованың әке-шешесі соттан кейін ауруханаға түскен
Коллаж: jambylinfo.kz
Бишімбаевтің атышулы соты тікелей эфирде жүріп жатқанына 1 аптадан асты

Сот барысында Нүкенованың әке-шешесі туған қызын Бишімбаевтің аяусыз соққыға жыққан фото-видеолардан алғаш рет көріп, екеуінің де денсаулығы күрт нашарлаған. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

"Бұл қорқынышты кадрлерді Салтанаттың ата-анасы бірінші рет көрген. Сол себепті, екеуінің де денсаулығы сыр беріп, жағдайы нашарлаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр", - дейді адвокат. 

Еске салайық, 2 сәуірдегі  сот отырысында 8-ші қарашадан 9-шы қарашаға қараған түні азаматтық некедегі Бишімбаев пен Нүкенованың арасында болған жанжал "Бау" мейрамханасының жасырын камерасына түсірілген фрагменттер көрсетілген болатын.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар