Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты
- авторjambylinfo.kz
- 9 қыркүйек, 2021
- 134
Жамбыл облысында эпизоотиялық жағдай тұрақты
Жамбыл облысында өткен жылмен салыстырғанда мал басы 10 пайызға көбейген, соған сәйкес оларға көрсетілетін ветеринариялық алдын алу және диагностикалық іс шаралар ауқымы да кеңейген. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Онда өңірдегі ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша:
- Диагностикалық іс-шаралар жүргізу үшін қан сынамаларын алу жұмыстары да аудандар кескінінде жоспарға сай орындалуда. Бруцеллезге шалдыққан мал саны да былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған, 2020 жылдың 8 айында 267 ірі қара, 1157 қой-ешкі бруцеллезге шалдықса, биылғы жылдың осы кезеңіне 255 ірі қара, 821 қой-ешкі бруцеллезге оң нәтиже көрсетіп, ірі қара 5 пайызға, қой-ешкі 40 пайызға төмендеген. Адамдар арасында да бруцеллез ауруына шалдығу 2020 жылдың 8 айында 82 адам болса, биылғы жылы 8 айда 52 адам ауырып, 30 адамға немесе 36 пайызға азайып отыр.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарға сай уақтылы атқарылуда, аса қауіпті ауруларға қарсы егілетін вакциналар толық көлемде келіп түсіп, сегіз айлық жоспар 100 пайызға орындалған.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорында 537 000 ірі қара, 3 853 000 қой-ешкі, 167 000 жылқы, 7 740 түйе тіркеліп тұр. Бұл көрсеткіш Республикада өңірлер бойынша Түркістан, Алматы облыстарынан кейінгі 3-ші орында.
- Облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Эпизоотиялық жағдай тұрақты. Аса қауіпті мал аурулары тіркелген жоқ. Аудандық ветеринариялық станциялар тарапынан аурулардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарыветеринария басқармасымен тұрақты бақылауда,-деді Е. Жиенқұлов.
Облыстық аумақтық инспекция басшысы Жандар Коекеев ветеринарлық салаға жасалған бақылау жөнінде айтып өтті.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ветеринарлық саланың аса маңызды екеніне тілге тиек етіп, саладағы мамандардың біліктілігін арттыру, немқұрайлылыққа жол бермеу, қажеттілікке қарай питомниктер салу, оларды мұқият тексеріп отыру, заңсыз сауда орындарында сатылатын сүт, ет өнімдерін зерделеу және тағы басқа мәселелерге тоқталып, профиолактикалық шараларды күшейтуді жүктеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тәлібтер Норвегияның Кабулдегі елшілігіне басып кірді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024