сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында гимназияның жас сақшылары ант қабылдады

Жамбыл облысында гимназияның жас сақшылары ант қабылдады
Фото - ашық дереккөз
Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияда Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған «Жас сақшы» полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ғалым Оразбеков пен Тараз қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының бастығы Шакизат Юсупова қатысты. Олар сыныптың лентасын қиып, оқушыларды маңызды бастамамен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды. Сондай-ақ, жас сақшыларға естелік сыйлықтар берілді.

 «Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен патриоттық тәрбиеге бағытталған маңызды қадам. Балалардың полиция қызметінің маңызын түсінуі және өз құқығы мен міндеттерін білуі өте маңызды. Осындай бастамалар арқылы біз елдің қауіпсіздігіне өз үлестерін қосатын саналы азаматтар тәрбиелейміз,- деді Ғалым Оразбеков. 

Іс-шара соңында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін арнап, олармен еркін форматта әңгімелесіп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар