Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген көлік анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 30 сәуір, 2021
- 190
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген көлік анықталды
Жамбылдық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген көлікті ұстады.
29 сәуірде Жамбыл облысында патрульдік полиция «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 395 шақырымында жылдамдық режимін асырған Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлі «Kia K5» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің Ресей Федерациясында халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды», делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі таңда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тиісті «Автоураган» 2 аппараттық-бағдарламалық кешені жол-көлік жағдайын жақсарту мақсатында Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарына жіберілген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала