сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 13:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы қалаларда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,8 пайызға жетеді

Жамбыл облысындағы қалаларда халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,8 пайызға жетеді
Фото облыс әкімдігінің сайтынан алынды
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты ауыз сумен қамту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасап, ауыз су нысандарының құрылысы мен кешенді блок-модуль орнату жұмыстарының талдау қорытындыларымен бөлісті.

 Жамбыл облысында 4 қала мен 367 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде Тараз, Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқап пен 54 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.

 Ағымдағы жылы 37 елді мекен мен 2 қаладағы 5 тұрғын алқапқа тіршілік нәрін тарту, 16 елді мекеннің ауыз су жүйелерін қалпына келтіру жоспарланған.

Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі қалаларда 98,8 пайызға (2023 ж. - 97,5%), ауылдық елді мекендерде 98,1 пайызға(2023 ж. - 94,9%) жетуі тиіс.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтылды.

Басқосуда Ербол Қарашөкеев ауыз сумен қамтудың төмен деңгейі қалыптасқан аудан әкімдерінен есеп алып, құрылысы кешеуілдеген жобаларды жіпке тізді. Бұдан бөлек, ауыз суға қатысты тұрғындардың шағымына назар аударды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар