Жамбыл облысында суармалы егіншілік пен вегетациялық кезең қатаң бақылауда
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 тамыз, 2025
- 462
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше өңірде 2025 жылғы вегетациялық кезең ауа райының қолайсыздығына қарамастан, арнайы кестеге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуда.
“Қазсушар” РМК-ның облыстық филиалы мен жергілікті шаруа қожалықтары арасында 570 миллион текше метр суға 3 888 келісімшарт жасалып, бүгінгі күнге дейін 370 миллион текше метр су жеткізілді.
Бұл жұмыстар нәтижесінде:
• Бақша дақылдары толықтай суғарылды және қазіргі таңда олардың жиналуы жалғасуда;
• Көпжылдық шөптер кем дегенде екі рет суарылып, үш рет орылды;
• Қант қызылшасы, майлы және көкөніс дақылдарын суару жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Су тапшылығы қаупіне қарамастан, облыс шаруашылықтары мен су жеткізуші ұйымдардың бірлескен жұмысының арқасында су ресурстары тиімді әрі үнемді пайдаланылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






