жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай мұрасын жаңаша ұғыну: Таразда педагогтерге арналған облыстық тәжірибелік сессия өтті

Абай мұрасын жаңаша ұғыну: Таразда педагогтерге арналған облыстық тәжірибелік сессия өтті
Jambylinfo.kz
Жиынға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – барлығы 97 педагог қатысты

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Абай мұрасы: Білім берудегі трансформация. Жаңашыл көзқарас. Заманауи әдіснама» атты TEDx форматындағы облыстық тәжірибелік сессия өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиынға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – барлығы 97 педагог қатысты.

Іс-шара Абайдың мол мұрасын қазіргі білім беру кеңістігінде жаңаша қырынан таныту, оны заманауи әдіс-тәсілдермен тиімді оқыту жолдарын зерделеуге арналды.

Университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Абай шығармаларынан терең ойлы үзінділер келтіріп, пайымды пікірлерімен бөлісті.

Сессия аясында мұғалімдер авторлық бағдарламалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар, жұмыс дәптерлері, қысқа мерзімді жоспарлар, анимациялық видеолар секілді бірегей материалдарын таныстырды. Бұл жұмыстар Абай шығармаларын терең оқытуға, оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, философиялық ой-толғамдарын түсінуге, әрі жас ұрпақ бойына рухани құндылықтарды сіңіруге бағытталған.

Педагогтер ұлттық білім беру жүйесінің сапасын арттыру, мектептерде инновациялық тәсілдерді енгізу, креативті ойлау мен жаңашыл көзқарасты дамыту жолдарын да ортаға салды.

Жиынға өңірдің жетекші жоғары оқу орындарынан абайтанушы ғалымдар арнайы қатысып, үздік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл басқосу — Абай мұрасын заманауи білім жүйесінде жаңаша өрнектеудің, сонымен қатар шығармашыл ұстаздар арасында тәжірибе алмасудың тың алаңына айналды.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар