дүйсенбі, 25 қараша, 2024 19:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерге семинар өтті

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерге семинар өтті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлерге семинар өтті
2021 жылдың 4 қарашасында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен академияның базасында комплаенс офицерлерінің семинары өтті. 2020 жыл соңына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті түрде, ал бизнестің жеке таңдауы бойынша қолданылады. Осылайша, Жамбыл облысындағы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты комплаенс офицерлер жұмыс жасай бастады. Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов семинарға жиналған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметіне жауапты мамандарға аталған институттың маңыздылығын және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына бойынша  өңірдегі квазимемлекеттік ұйымдардың тізімін толтыру тәртібін түсіндіріп кетті. Сонымен қатар, академия филиалының профессоры Бекмұхан Ахметов,  тыңдаушыларға «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің түсінігі мен негізгі қағидалары. ISO 37001 халықаралық стандартының құрылымы», «ISO 37001 енгізуді жоспарлау», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін енгізу тиімділігі және басты ұсынымдар жүйесі» бойынша дәріс берді. Сондай-ақ жиында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылатындығы ерекше аталып өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар