Жаңалықтар
Павлодар тұрғыны мемлекетке 500 млн теңге залал келтірген
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2021
- 155
Павлодар тұрғыны мемлекетке 500 млн теңге залал келтірген
Павлодар қаласының тұрғыны компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектесіп келген, мемлекетке келтірілген шығын – 500 млн теңге.
«Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшағаайналдыру деректерінің жолын кесуде. Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша Павлодар қаласының тұрғыны О.Щипилоға қатысты қылмыстық істі аяқтады. О.Щипило бұрын сотталған А. Колесниковпен алдын ала сөз байласу арқылы үш жыл бойы жосықсыз компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмек көрсеткен. Заңға қайшы схемаға ол өз бақылауындағы 3 жалған фирманы қатыстырған: «Призма Плюс» «Конэктгрупп» және «Солмир» ЖШС», - делінген таратылған хабарламада. Осылайша мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілген. О.Щипола 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз