бейсенбі, 21 қараша, 2024 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында тұрғындардың ауыз сумен қамтылу деңгейі 94,9 пайызға жетті

Жамбыл облысында тұрғындардың ауыз сумен қамтылу деңгейі 94,9 пайызға жетті
jambylinfo
Өткен жылы сумен жабдықтау саласында жалпы 13,6 млрд теңгеге 54 жобаны іске асыру жұмыстары басталған

Облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Мәулен Қожықовтың айтуынша, өткен жылы басталған 54 жобаның ішінде  34 нысаны пайдалануға берілген. Ал, 20 нысанның құрылысы уақытында бітпей,  биылға қалып отыр, деп жазады  jambylinfo.kz

Облыстың бас медиа алаңында есеп берген Мәулен Қожықов облыстағы ауыз сумен қамту бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Оның сөзінше, қаржыландыру жоспарына сәйкес 54 нысанның 5-уі ғана келесі жылға өтпелі болып көзделген. Бірақ, 15 нысан жыл соңына дейін аяқталмады.

"Мұның себебі құрылыс жұмыстарының өндірістік кестеден кешігуі және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ұзақ мерзімге созылуы болып отыр. Атап айтқанда, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы бойынша 12 нысан өндірістік кестеден кешікті.  Меркі және Мойынқұм аудандары бойынша 3 нысанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұзақ мерзімге созылды",-деп түсіндірді Мәулен Қожықов

Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілі берген мәліметке сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші  қалаларда 97,5%, ал, ауылдағы 313 елді мекенде 94,9% құраған. Осылайша облыста бүгінгі күні сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 54 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалалары бойынша 10 тұрғын алқап қалып отыр. Мәулен Қожықов басқарманың ауыз сумен қамту бойынша биылғы атқарылатын жұмыстарды да айтты.

"2024 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қаматмасыз ету үшін 43 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен 21,7 млрд теңге қаралған. Оған 26 елді мекен мен қалалардағы 5 тұрғын алқапты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл соңына дейін сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98,8%, ауылдық елді мекендерде 96,9%  жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2024 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 17,8 млрд. теңгеге 26 жоба қаржыландыруға ұсынылды",- деді облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар