сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 13:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысындағы түзеу мекемесінде сотталғандармен кездесу өтті

Жамбыл облысындағы түзеу мекемесінде сотталғандармен кездесу өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараға қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға уәкіл өкілі мен мекеме қызметкерлері тарапынан заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т. Қуанышевтің сотталғандармен кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында сотталғандардың құқықтарының сақталуы, ұстау жағдайлары, медициналық көмек көрсету сапасы, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық мәселелер кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға уәкіл өкілі мен мекеме қызметкерлері тарапынан заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Аталған кездесу сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар