Қазақстанда алдағы күндері қар мен қатты аяз күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:32
- 236
Алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады деп болжануда. Бұл жағдайлар жол қозғалысына және халықтың күнделікті тіршілігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына ықпал етеді. Соның салдарынан солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы 25–38 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 20–30 градус аяз болады.
Ал республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін жетсе, таулы аудандарда 8–13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5–13 градус аяз болады деп күтілуде.






