дүйсенбі, 8 шілде, 2024 20:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жас геологтардың сайысы мәресіне жетті

Жамбыл облысында жас геологтардың сайысы мәресіне жетті
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Республикалық геологиялық универсиадаға 9 жоғары оқу орны мен 1 колледждің студенттері қатысқан

Жамбыл облысы Майлы Қаратау жотасының маңында орналасқан полигонда 9 университет пен 1 колледж студенттері ес күн бойы білімдерін сынады. Айта кетейік, бұл полигон Сәтбаев Университетіне тиесілі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Мұнда өткен республикалық универсиада қорытындысы бойынша Семей геологиялық барлау колледжінің командасы 1-орынды, Сәтбаев Университетінің командасы 2-орынды иеленсе, үздік үштікке Назарбаев университетінің студенттері енді.
  
«Универсиада бағдарламасы ғалымдар мен практиктердің жалпы және құрылымдық геология, кристаллография және минералогия, петрография, палеонтология, гидрогеология және геофизика бойынша лекциялары мен кеңестерін қамтыды. Студенттер шатырларда түнеп,  күндіз нағыз геологтарға лайық, жоспарланған маршруттар бойынша жорыққа шығып, бір-бірімен жарысты, минералды тастар мен пайдалы қазбаларды зерттеді», - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар