Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтың шаңырағына барды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 шілде, 2024
- 5.3k
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.
– Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады. «Алып анадан туады» деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор, – деді облыс әкімі.
Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.
Олимпиада чемпиондары неге медалін тістейді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






