Париж олимпиадасының басталғанына бірнеше күн болды. Күні кеше дзюдо күресінен Елдос Сметов топ жарып, алтын жүлде еншіледі. Байқасаңыз, отандасымыз тұғырда тұрып, медалін тістеп суретке түсті. Осы үрдіс қалай шыққаны бойынша Jambylinfo.kz тілшісі ізденіп көрді.
Олимпиада чемпиондары тұғырда тұрған кезде жеңіп алған медальін тістеп, фотоға түсіп жататыны белгілі. Бірақ бұл істің мәні не екенін көбісі біле бермейді. Сөйтсек, бұл үрдіс осыдан 33 жыл бұрын, яғни 1991 жылдан басталған екен.
Төрткүл дүние көз тіккен додада талай жылғы еңбегі ақталған спортшылар фотоға түсетін тұғырлы сәтте жаңашылдыққа ұмтылмапты. Қарапайым, суреттер бір-біріне ұқсас. Осы сәтте олқылықтың орнын толтырған фотографтар спортшыларды медалін тістеуге кеңес беріпті. Чемпиондар бұған дейін тек медальдерін мойындарына тағып, жай ғана жымиып түсетін болған. Фотографтар кейіннен медальдің шынымен алтын ба, тексеріп көріңдер деп тістеп тұрған кезде суретке түсіре бастаған.
Тіпті, Олимпиада ойындарының алтын жүлдесінің 93 пайызы күмістен құйылады. 1912 жылдан бері медальдердің бірде-біреуі таза алтыннан жасалмаған. Алтынның үлесі 1,2 пайыз ғана болады екен.
Алайда жүлдесін тексеремін деп тісінен айырылғандар да болған. Мәселен, 2010 жылы Дэвид Мойелер жүлдесін тексеріп жатып, аузының сәнін кетіріпті. Кім не деседе тарихи сәтте жасалған әрбір іс кешірімді. Жылдар бойы жасалған тынымсыз еңбек, ұйқысыз түндер, сарп етілген күш-қайраттың ақталған кезі бұл. Төртжылдықтың басты бәсекесіне спортшы өзінің ғана емес, тұтас ұлттың мұратын арқалап келеді. Сондықтан мұнда жеткен жетістік ұлттың мерейі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін «Барыс» командасы «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қараша, 2024
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024